Жалпы отырыста Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында депутат Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің м. а. Данияр Рамазанұлы Қадыровқа сұрақ қойды:
"Заң жобасында пайдаланушылар сұрамаса да, ақпаратты проактивті түрде тарату қарастырылған. Бұл жақсы мүмкіндік. Мен оны қолдаймын.
Алайда, сол проактивті түрде тарату іс жүзінде қалай жұмыс істейді? Механизмдерін түсіндіріп берсеңіз.
Сондай-ақ, проактивті түрде қандай ақпарат таратылады? Оны кім анықтайды? Оған техникалық дайындығымыз қандай?".