Балабиев
Қайрат
Рахымұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жалпы отырыс

   Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын талқылау барысында депутат Қазақстан Республикасының Көлік министрі  М. К. Қарабаевқа сұрақ қойды:

  "Халықаралық автомобильмен жүк тасымалы нарығы бәсекелестік орта болып табылады.

   Қазақстанның Еуропа мен Азияның 42 мемлекетімен нормативтік базасы бар, оған сәйкес қазақстандық және шетелдік тасымалдаушылар халықаралық бағытта автокөлікпен тасымалдауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, соңғы жылдары көптеген елдер үшін Қытай нарығы ашылды.

  Осыған байланысты отандық тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау тетігі бар ма?".