2023 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Миграция бойынша халықаралық ұйымның қолдауымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған адам саудасымен күрес жөніндегі форумға қатысты.
Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ дипломатиялық миссиялар мен ғылыми топтардың өкілдері қатысты.