1 желтоқсанда балаларға ЖСН беру жөніндегі пилоттық жобамен танысу мақсатында №2 қалалық көпсалалы ауруханаға және Астана қаласының ХҚКО-на барып, "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Заң жобасы бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысы өткізілді.
Пилоттық жоба шеңберінде бала туылғаннан кейін туу туралы куәлік берілгенге дейін және ТАӘ берілгенге дейін ЖСН берудің жаңа тетігі әзірленді. Пилоттық бағдарлама мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде туылған балаларды толық есепке алуға және жаңа туған нәрестелер саудасының тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Келесі жылдан бастап бүкіл республика бойынша пилоттық жобаны одан әрі масштабтау жоспарлануда.
Кездесу барысында депутаттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері жаңа туған нәрестелерге ЖСН беру процесімен тікелей перзентхана мен ХҚКО-да танысты. Жаңа туған нәрестелермен сауда жасау мүмкіндігін болдырмау мақсатында осы процесті жетілдіру және заң жобасына қажетті түзетулер енгізу бойынша сұрақтар қойылды.