Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төраға орынбасары Д. М. Еспаеваның басшылығымен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында өткен көшпелі отырысқа. Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитеті депуттары қатысты.
Шараның мақсаты - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қызметімен танысу.
Отырысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Сот Төрағасы Э. А. Әзімова мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төраға орынбасары Д. М. Еспаева Құттықтау сөзбен ашты.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы С. В. Имашева, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары комитетінің Төрағасы А. И. Лукин сөз сөйледі.
Аталған шарада Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Б. М. Нұрмұханов Конституциялық Соттың 2023 жылғы 4 айдағы қызметімен таныстырды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Р. А. Подопригора конституциялық соттар қызметіндегі халықаралық тәжірибе туралы баяндады
Отырыс нәтижесінде сұрақ-жауап, пікір алмасу болды,