Депутат «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының І республикалық форумы аясында № 8-панельді сессиясына қатысты.
Сондай-ақ осы шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары П. О. Казанцев, Ж. С. Әшімжанов, Қ. Қ. Әлішев, Е. Н. Мәмбетов және 184 мәслихат депутаты қатысты.
Депутат сессияның модераторы ретінде Құттықтау сөз сөйледі:
«AMANAT» партиясы еліміздің саяси жаңғыруында басты рөл атқарады. Биыл біз парламенттік сайлауда жеңіске жетіп, елдің келешек дамуы үшін жауапкершілікті арқаладық. Мәслихат депутаттарының 72 % «AMANAT» партиясының өкілдері болып табылады. Сондықтан қазіргі таңда қойылған міндеттердің барлығын түсініп, сайлаудың алдында берілген уәделерімізді уақтылы және сапалы орындауымыз өте маңызды.
Бүгінгі форум – азаматтық диалогтың жаңа нысандарының бірі. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары мен министрлердің осындай ауқымды кездесуі бұрын-соңды болмаған. Бұл кездесудің мақсаты – елімізді дамыту бойынша келешек стратегиялық және тактикалық қадамдарымызды ортаға салып талқылау.
Ауыл – қазақ жерінің өзегі. Біз ауыл тұрғындарының болашаққа деген сенімін, ерік-жігерін, даму қуатын арттыруымыз қажет. «AMANAT» партиясының басты мақсаты ауыл экономикасын көтеру, ауылдық жерде еңбек ету абыройлы әрі пайдалы болатындай жағдай жасау.
Бұған қатысты нақты шараларымыз да бар. Мысалы, партияның «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасында бұл мәселеге көп назар аударылған, отандық ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп қазақстандықтарды негізгі азық-түлік тауарларымен 100 пайызға қамтамасыз ету, аграрлық саланы субсидиялау жүйесін түбегейлі жақсарту, өндіріс тізбегі бойынша мал шаруашылығының ұзақ жыл бойы қордаланып қалған мәселелерін шешу, елімізде жемшөп өндірісін дамыту, ауыл шаруашылығында шикізатты өсірудің, сақтаудың және өңдеудің озық технологияларын енгізуге қол жеткізу бойынша бөлімдер көзделген.
Жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясы арқылы ауыл халқының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды.
Қазіргі уақытта «AMANAT» партиясы «Жер Аманаты» жобасын іске асыруда, ол қазақстандықтардың қолдауын тауып, ауыл тұрғындарының ең өзекті мәселелерінің бірі – заңсыз басып алынған жерлерді қайтаруды шешуде.
Былтыр 5 млн гектардан астам пайдаланылмаған жер қайтарылды. Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастыра береміз.
Бүгін панельді секцияның негізгі спикері ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы сөз сөйлейтін болады.
Бүгінгі панельді сессияның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары Казанцев Павел Олегович, Әлішев Қазыбек Құрманғалиұлы, Әшімбетов Нұржан Кемерұлы, Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағамбетұлы қатысып отыр.».
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е. Ш. Қарашөкеев, «Жан-Арай» ЖШС-к директоры, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Б. Е. Махашов, «Гордорстрой» ЖШС-нің коммерциялық директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты В. В. Соломкин, «Игілік» шаруа қожалығының басшысы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ж. М. Сүлейменов, Қостанай облысы Қарасу аудандық мәслихатының Төрағасы С. К. Қажиев, «AMANAT» партиясының Шарбақты аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, Депутаттық фракция жетекшісі А. Т. Жанабаев сөз сөйледі.
Сессия отырысын депутат қорытынды сөзбен аяқтады.