2 - 3 маусымда депутаттар Б. Базарбек пен М. Әбенов "Жер аманаты" Республикалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамында Қызылорда облысына жұмыс сапармен барды.
Сапар барысында депутаттар Сырдария ауданының "Ақжарма", Жалағаш ауданының "Таң" ауылдарының тұрғындарымен және Қызылорда қаласында Комиссияның облыстық филиал өкілдерімен кездесті.
Халыққа жер қатынастары саласының заңнамасы түсіндірілді, депутаттар қойылған сұрақтарға жауап берді.