Депутаттар Бақытжан Базарбек, Ермұрат Бапи мен Елнұр Бейсенбаев, "AMANAT" партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жастармен кездесіп, лудомания мәселесін талқылады.
Құмар ойындарға патологиялық бейімділік халқымыз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де күрделі проблемаға айналды. Мәжілісмендер құмар ойындарға тәуелділіктің көбеюіне алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселенің жастарға, жалпы қоғамға қалай әсер ететінін талқылады.
Кездесуде жастар арасында лудоманияның алдын алу бойынша негізгі мәселелер, соның ішінде білім беру бағдарламалары мен құмар ойындарының тәуекелдері туралы ақпараттық науқан талқыланды. Сондай-ақ жиында лудомания проблемасына тап болғандар үшін сапалы және қолжетімді медициналық және психологиялық қолдауды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылып, құмар ойындарды реттеуге және қатаңдатуға бағытталған заңнамаға өзгерістер енгізу мүмкіндігі сөз болды.