Базарбек
Бақытжан
Жұмабекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Жер аманаты" жер комиссиясы Шымкенттің заңсыз жеке меншікке өтіп кеткен саябақтарының 80% мемлекеттік меншікке қайтарады.

"Жер аманаты" республикалық жер комиссиясы алдағы 2-3 ай аралығында Шымкент қаласындағы 2004-2019 жылдары аралығында заңсыз жеке меншікке берілген, сол сияқты заңсыз басып алынған қалалық саябақтардың 80% жерлерін толығымен қайтаруға күш салады.

✅️Қазіргі таңда, соттың бірінші инстанциясы шешімдері бойынша "Кең баба" қалалық саябағының 2,5 гектар жерін қайтару бұйырып отыр.

✅️Одан бөлек, Шымкент қаласының Дендросаябағының тағы 0,4 га жерін қайтару соты жүріп жатыр және алдағы уақытта Дендросаябақтың 0,9 га жерін сотпен қайтару жоспарланған.

✅️Сонымен қатар, Шымкент қаласының "Қиял Әлемі" саябағының жерлерін мемлекеттік меншікке қайтаруға байланысты сот өтіп жатыр.
Нақты айтқанда, "Қиял әлемі» саябағының 3,9065 га жері Шымкент қаласы әкімдігінің 24.06.2009 жылғы №941 санды заңсыз шығарылған қаулысына сәйкес қазір сотпен кадастрлық нөмірі №19-309-012-1196, 19-309-012-1197 және 19-309-012-1198 үш жер учаскесі қайтарылуы мүмкін.

Басқаша айтқанда, Шымкент қаласы әкімдерінің заңсыз шешімдері мен заңсыз басып алынған қалалық саябақ жерлерінің басым бөлігі мемлекеттік меншікке қайтарылу мүмкіндігі туындап отыр.

"Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының төрағасы орынбасары ретінде сол қаулылар мен шешімдерге қол қойған әкімдер мен заңсыз құжаттардың шығуына себепкер болған жер қатынастары мен сәулет, қалақұрылыс басқармасы мен жер кадастрі филиалы басшыларына да тиісті заңи жауапкершілікке тарту мәселесін  депутат Парламент Мәжілісінің төрінде көтеретін болады.