Үкімет сағатында депутат Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е. Ш. Қарашөкеевке сұрақ қойды:
"50-жылдары Алматы маңында 3 миллион түптей алма ағашы бар болатын. Қазір ол алма ағаштары жоқ. Іле Алатауы баурайындағы алма бағының 70 %-ы жойылған.
Импорт ауыстыру мәселесінде алма өсірудің рөлі үлкен екекнін атап өттіңіз. Өзіңіздің есебіңізде алма бақтарының көлемін көбейту қажеттілігін айтып отырсыз.
Алматы қаласында соңғы 15 жылда Храпунов, Тасмағамбетов, Есімов, Байбек және Сагынтаев сияқты әкімдердің заңсыз қаулыларының нәтижесінде алма бақтары шабылып, жерлерінің мақсаты құрылысқа ауыстырылып, Назарбаев әулеті мен бірқатар ауқатты олигарх азаматарымыз зәулім үй соғып тастаған. Екі ортада Алматымыз алмасыз қалып отыр.
Кейбір алмабақтардың жерлерін біз "Жер аманаты" комиссиясымен мемлекетке кайтардық, бірақ та, көп жағдайда, инспекторлар тексеріс тағайындаса, Назарбаевтың бұрынғы ескі Қазақстанның кей өкілдері инспекторларға кысым корсетіп отыр. Бұл орайда, бізге қайсар, жүрек жұтқан министр керек.
Министр ретінде инспекторлардың колынан какпай, тексерісті соңына дейін жеткізуге дайынсыз ба?