Базарбек
Бақытжан
Жұмабекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жалпы отырыс

  «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының уақытша болуына байланысты  істер бойынша құқықтық көмек көрсету және юрисдикция мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы»  Заң жобасын талқылау барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына С. Б. Камалетдинову сұрақ қойды:

  "Келісімнің 2-бабында құқықтық көмек көрсету қандай да бір ақпаратты, мысалы, тергеу материалдарды, рәсімдік құжаттар және т. б. беруге  ықпал ету туралы өтініш сұраған Тараптың егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болса немесе ұлттық заңнамаға қарама-қайшы келетін болса,  орындалмауы мүмкін.

  Осы орайда, біздің егемендігіміз бен қауіпсіздігімізге төнетін қауіп деңгейі қалай анықталатын болады?".