Базарбек
Бақытжан
Жұмабекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң жобаларының таныстырылымы

  Депутат «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,  «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобаларының таныстырылымында ҚР  Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сапарбекұлы  Сәденовқа сұрақ қойды:

  "Учаскелік полицейлер мәжбүрлі еңбек фактілері туралы біле тұра, үндемейтіні не оған қамқорлық жасайтыны туралы жиі естиміз.

   Осы орайда, учаскелік инспекторлармен қандай жұмыс жүргізілуде және қандай шаралар қабылдануда?".