Базарбек
Бақытжан
Жұмабекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жалпы отырыс

  Жалпы отырыста «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру  мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасын  талқылау барысында депутат Энергетика вице-министрі А. Ғ. Хасеновқа екі сұрақ қойды:

 "1-сұрақ. Сіздің Министрлік ұсынған ақпарат бойынша жер қойнауын пайдаланушылар барлау жүргізіп, қомақты инвестициялар салғаннан кейін әкімшілік рәсімдерге байланысты келісімшартты ұзарта алмаған фактілер бар.

   Қаралып отырған заң жобасында келісімшартты бір рет үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту ұсынылады.

   Бұл уақыт жобалық құжаттардың барлық қажетті сараптамалардан өтуге жеткілікті ме?


  2-сұрақ. Біздің барлық ірі мұнай кен орындарымыз (ТШО, Қашаған, Қарашығанақ) инвесторлардың қолында.

  Бұл келісімдер қандай шарттармен/жағдайда жасалғанын қоғам мен халық білетін уақыт келді? Үкімет бұл келісімшарттарға қол жеткізуге қашан дайын болады?".