Базарбек
Бақытжан
Жұмабекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жалпы отырыс

   Депутат жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркісібі Вице-министрі Мәлік Серікұлы Олжабековқа сұрақ қойды:

  "Қазір мына ақпарттық қауіпсіздік туралы Заң жобасын бірінші оқылымда қабылдап жатырмыз.

   Осыдан 7 жыл бұрын, 2016 жылы, халық жерге қатысты  митингіге көтерілгеніін білесіздер және ол шерудің негізгі талабы Жер кадастрын ашу болатын. Әрбір жердің артында билікте отырған шенеуніктер мен билікпен ауыз жаласқан олигархтарды халық білу керек.

   Содан кейін Активтерді қайтару туралы Заң жобасы аясында мен жер кадастрын ашу туралы ұсыныс жасадым.  Әріптес депутаттарым қолдаса да, Үкімет бұл ұсынысымды қабылдамай қойды.

   Жайылымдар туралы Заң жобасына да жер кадастрін ашу туралы ұсынысымды енгізген болатынмын. Бірақ та, менің мәліметім бойынша, Үкімет қайтадан теріс қорытынды дайындап жатқан сыңайлы.

   Осы Заң жобасын қабылдап, ертең  Жер кадастрін аша алмай, Назарбаевтың дәурені жүріп тұрғанда оның туған-туыстары мен жемқор шенеуніктердің иеленген жерлерін аша алмайтындай жағдайға тап болмаймыз ба?!".