Базарбек
Бақытжан
Жұмабекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жалпы отырыс

   Депутат жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндама жасады:

   "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартқа 2022 жылғы 20 қазанда Никосияда қол қойылды.

    Шарт Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы құзыретті органдары арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері бойынша қарым-қатынасты реттеуге бағытталған.

    Шартта екі елдің құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелері регламенттелген.

    Құжатта көрсетілетін көмектің тізімі, көмек беруден бас тарту үшін негіздері, құпиялылық туралы шарттар және көмек көрсету, екі тараптың аумақтарында дәлелдемелер алу арқылы алынған мәліметтерді немесе дәлелдемелерді пайдаланудағы шектеулер егжей-тегжейлі айқындалған.

   Сондай-ақ, қылмыстық қызметтен түскен заттарды, құжаттарды, қаржы активтерін және басқа да кірістерді анықтау, табу, шектеу қою және тәркілеу бойынша көмек көрсету шарттары көрсетілген. Құқықтық көмек көрсету рәсімдерінде тікелей өзара іс-қимыл жасайтын екі мемлекеттің құзыретті органдары, сондай-ақ Шартты іске асыруға байланысты шығыстарды өтеу шарттары айқындалған.

   Шартты іске асыру екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімді болуын арттырады.

   Осы құжаттың ережелері Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңдарына, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес келетінін атап өту қажет.

   Заң жобасы жұмыс тобы мен бас Комитеттің отырыстарында жан-жақты қаралды.

   Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.

   Заң жобасын қабылдап, оны Парламент Сенатының қарауына жіберуді ұсынамын.

   Қолдауларыңызды сұраймын.".