Деупатат қазақстанреспубликасы Премьер-минисрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі С. М Жұманғаринге сауал жолдады:
"Жер реформасын бастап, оның негізгі бағыты болып жер саласындағы олигополиядан шынайы арылу керек, жер саласындағы монополиялардың қалыптасуына құқықтық жолмен тойтарыс беруіміз қажет.
30 жыл бойы көрінгендер қолында ауылдың жерлері қолды болып келген. Зансыз халықтың ауыл шаруашылық жерлеріне ие болғандар игермей, дереу оны сатуға не банкке кепілге қоюға тырысатын.
Екі ортада сыбайластық жемқорлықтың нәтижесінде зардап шеккен – қарапайым халық және мемлекеттің муддесі. Сондыктан да, алдағы уақытта жер саласындағы халық үшін түбегейлі реформа қажет. Реформаның негізгі мақсаты халықтың жер қатынастарында құқықтарын күшейту және мемлекеттік қорғау болу керек.
Мен, жер саласындағы кәсіби сарапшы ретінде, келесі шараларды ұсынамын:
Біріншіден, жер кадастрінің және ауыл шаруашылық мақсатындағы жер иелерінің аты-жөндерін ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Мыңдаған, миллиондаған жерлердің иелерін, біз, Қазакстан халқы білуіміз керек.
Екіншіден, жерге бақылау жасайтын әкімге де, Ауыл шаруашылығы министрлігіне де бағынбайтын, Үкімет құрамына кіретін тәуелсіз, дербес мемлекеттік орган Жер ресурстарын басқару агенттігін құру қажет.
Үшіншіден, Мемлекеттік жер кадастрін бір қолға беру керек, яғни, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінен Жер ресурстарын басқару агенттігіне беру қажет.
Төртіншіден, Жер реформасының ұзақ мерзімді доктринасы (одан әрі – Доктрина) керек. Бұл концептуалдық Доктринада 10-15 жыл аралығында мемлекеттің жер саласындағы саясаты айқын көрініс табатын болады. Барлық жер саласындағы бастамалар, заң жобаларына енгізілетін өзгерістер бірыңғай концептуалдық Жер доктринасына бағынатын болады.
Жер реформасы Үкімет пен министрліктердің айтуы бойынша емес, Доктрина бойынша жүзеге асуы тиіс.
Бесіншіден, қайтадан жер амнистиясы бойынша айта кетейін. 2025 жылға дейін жер амнистиясын жарияласақ, бұл амнистия аясында қарапайым жер үлескерлерінің шартты жер үлестерін өздерінің кәсіпорындары (кооператив, серіктестік) құрамынан дербес жер телімі ретінде бөліп шығуға мүмкіндік береді және саяжай, бағбандық кооперативтерінде тұрып жатқан азаматтардың өздерінің жерлерін заңдастыруға, жеке тұрғын үй құрылысын рәсімдеуге жол ашады.
Алтыншы, жер реформасын жүргізу барысында әкімдіктерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар шара қолдандық: қағаздарды электрондық нұсқаға ауыстырдық, жер қатынастарын цифрландырдық, ЕГКН базасын енгіздік, сондай-ақ әкімдердің сайлауына көшіп отырмыз. Бірақ та, жер саласында сыбайлас жемқорлық азаймай отыр.
Сондықтан да, жоғарыда айтып кеткен Доктрина аясында 2028 жылға дейін толығымен әкімдер аппараттарын, жер қатынасы, сәулет және қала құрылыс бөлімдері мен басқармаларын біртіндеп 80 пайызға қысқартып, оны цифрлық механимдерімен, жасанды интеллектімен ауыстыруымыз қажет. Жемқорлыққа жол беріп жатқан шенеуніктердің аппаратын асырауға арналған ақшаны цифровизацияға жіберу керек.
Жетінші, жер саласындағы сыбайлас жемқорлық пен жермен байланысты жасалған қулық-сұмдықтардың алдын алу үшін тергеу шараларын ұйымдастыру кезінде жемқор шенеуніктердің өз атына рәсімделген және заңсыз шығарылған жерлерін тәркілеп қана қоймай, сонымен қатар олардың әйелдері, ата-анасы, жақын бауырлары мен балаларының атына рәсімделген жерлерді де тәркілеуді қарастыратын өзгерісті заңнамаға енгізу қажет.