Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНДА КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ" ТАҚЫРЫБЫНА КЕҢЕЙТІЛГЕН ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫС

2021 жылғы 7 желтоқсанда бейнеконференция байланысы режимінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде "білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару институтын дамыту туралы"тақырыбында әлеуметтік – мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Білім және ғылым, денсаулық сақтау вице-министрлері, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің лауазымды тұлғалары, корпоративтік басқару енгізілген жоғары оқу орындары мен медициналық ұйымдардың басшылары мен корпоративтік хатшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Біздің елімізде тәуелсіздік жылдары жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейту, оның ішінде корпоративтік басқаруды енгізу арқылы кеңейту бойынша жүйелі шаралар кешені қабылданды. Жоғары оқу орындарын басқару процесін жетілдіру негізгі міндет болып табылады, оны шешу жаһандық мақсатқа – білім беру сапасын қамтамасыз етуге қол жеткізу бойынша жоғары оқу орындарының ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

2018 жылы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданды, бұл заң ЖОО-ларға академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту бойынша мүмкіндіктер берілді, сондай-ақ ЖОО-ларды коммерциялық емес ұйымдарға қайта құрудың икемді тетігі көзделді.

Заңнамалық шаралар қабылдау нәтижесінде 36 мемлекеттік жоғары оқу орны коммерциялық емес Акционерлік қоғамдар болып қайта құрылды.

Бұдан басқа, 3 ЖОО мемлекеттің 100% қатысуымен акционерлік қоғам нысанында, біреуі - дербес білім беру ұйымы түрінде құрылды.

Бүгінгі таңда 2 медициналық орталық (ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы) корпоративтік басқаруды енгізді. Тағы 3 медициналық орталық Назарбаев Университетінің басқаруына берілді.

Корпоративтік басқару органдарын дамыту жоғары оқу орындарының басшы құрамын тағайындау мен босатудың жаңа тетіктерін енгізуге, олардың өкілеттік мерзімін айқындауға, қоғамға есеп беру практикасын енгізуге және ашық бюджетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Отырыста білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару институтын дамыту, оның ішінде нормативтік құқықтық актілер шеңберінде, директорлар Кеңесі құрамындағы тәуелсіз директорларға мүшелік бойынша заңнамалық нормаларды сақтау, жоғары білікті Тәуелсіз директорларды тарту, корпоративтік хатшылардың әлеуетін жеткіліксіз іске асыру және басқа да мәселелер талқыланды.

Отырыс аяқталғаннан кейін мүдделі мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жіберілетін ұсынымдар әзірленді.