2023 жылғы 7 қарашада депутат Е. А. Бейсембаев Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі жобасының негізгі ережелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т.М. Жақсылықов баяндама жасап, Кодекстің негізгі ережелеріне, Бюджет кодексінің жекелеген нормаларын енгізу кезеңдеріне тоқталды. Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-министрі Д.О. Темірбеков жаңа Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес есеп пен есептілікті жетілдіру туралы баяндама жасады. Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Энгель Ю.Ф. аудитке байланысты көзқарастардағы өзгерістер туралы баяндама жасады.
Ұсынылған өзгерістер бюджеттік процеске қатысушылардың есептілігін қамтамасыз ете отырып, нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді және нәтижелерді басқарудың жаңа құралдарын күшейту есебінен бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыра отырып, салық-бюджет саясатының берік іргетасын қалауға байланысты негізгі міндеттерді шешуге бағытталған.