2023 жылғы 3 қарашада депутат Е.А. Бейсенбаев Астана қаласында өткен «Көлік және логистика саласындағы ұлттық іскерліктің күн тәртібі» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Дөңгелек үстел бағдарламасының аясында экспедиторлардың көлікте қызмет көрсету қағидаларының жобасы және қазақстандық жүк тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты бірқатар ұсыныстар қаралды. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, бизнес қауымдастығы мен бірлестіктердің өкілдері қатысты.