2023 жылғы 18 мамырда депутат Е. А. Бейсенбаев «Электрондық қаржы орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымында Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысына қатысты.
Комитет депутаттарына байланыс орталығының, ахуалдық орталықтың және Қаржы министрлігінің басқа да IT жобаларының жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар, кездесу барысында Қаржы вице-министрі Э. Қазғанбаев отырысқа қатысушыларға «Е-Salyq-Azamat», «E-Salyq-Business» сияқты министрлік іске асырып жатқан жобалар және мемлекеттік сатып алу порталы туралы айтып берді.