Бейсенбаев
Ержан
Алмабекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2023 жылғы 22-23 маусымда Көкшетау қаласында депутат Е.А. Бейсенбаев «Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру» тақырыбында Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысына қатысты.

           2023 жылғы 22-23 маусымда Көкшетау қаласында депутат Е.А. Бейсенбаев «Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру» тақырыбында Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысына қатысты. Отырысқа Қаржы және бюджет комитетінің Төрағасы М.Т. Такиев және Комитеттің мүшелері қатысты. Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев, ұлттық экономика және қаржы вице-министрлері, Ақмола облысы әкімдігінің, облыстық басқармалардың, аудандық және ауылдық әкімдіктердің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының басқарушы және басқа да жауапты қызметкерлері, Қоғамдық кеңестің өкілдері қатысты.

         «Жаңа тәсілдерді ескере отырып, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру», «Бюджетаралық қатынастар», «Бюджетаралық қатынастар реформалары және олардың Ақмола облысында іске асырылуы» және «Бюджетаралық қатынастарды реформалаудың тәжірибесі» тақырыптарындағы баяндамаларымен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Кемеңгерұлы Әмрин, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Оденұлы Темірбеков, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Азамат Айтбайұлы Тайжанов және Ақмола облысының Аршалы ауданы әкімінің м.а. Совет Теміртайұлы Нұрғазин сөз сөйледі.

         Отырыста өңірдің бірінші басшысы Е.Б. Маржықпаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпаратымен бөлісіп, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрылысы салаларындағы өсімнің оң қарқыны туралы баяндадады. Қатысушылар ел өңірлерінің арасындағы бюджетаралық қатынастарды нығайту және республикалық көрсеткіштер аясында әр облыстың бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін талқылады, өңірлерде өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бюджетаралық қатынастарды дамытудың заманауи әдістерін қарады. Комитеттің көшпелі отырысын өткізу барысында депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері медициналық, ауылшаруашылық және спорттық бағыттағы бірқатар нысандарды аралады.

         Оның ішінде "Көкшетау Жылу" ШЖҚ МКК №2 аудандық қазандығына барды. Депутаттар жұмыскерлерінің саны шамамен 240 адамды құрайтын осы стратегиялық объектінің ағымдағы жай-күйімен танысты. 1998 жылы №2 аудандық қазандықта әрқайсысының жылу қуаты 100 Гкал/сағ КВТК-100-150 екі су жылыту қазандығы пайдалануға берілді, отын ретінде екібастұз көмірі пайдаланылады. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен аталған объектіде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2,6 млрд. теңге бөлінді. Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша бюджетаралық қатынастар саласындағы проблемалық мәселелер бақылауға алынды, уәкілетті органдар жергілікті бюджетті дамыту бойынша жоспарлы жұмыстарды одан әрі жүргізетін болады.