Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің "Ақ жол" демократиялық партиясының депутаты Бейсенбаев Ержан Алмабекұлының Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Петропавл ботаникалық бағының ұжымымен кездесулер өткізді.
Кездесуге келген ботаникалық бақ қызметкерлері депутатқа ботаникалық бақ дербес ұйым болуын тоқтатын заң ережелерінің өзгеруіне байланысты, «Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище» КМҚК бөлімшесіне айналғанына шағымданды. Осы өзгеріске орай, қызметкерлердің жалақысы айтарлықтай төмендеді. Бүкіл ұжым атынан осынау бірегей табиғи кешеннің проблемаларын шешу үшін Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізуді сұрады.