Бейсенбаев
Ержан
Алмабекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутат Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» ШЖҚ МКК ұжымымен кездесулер өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаты Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы кезекті Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» ШЖҚ МКК ұжымымен кездесулер өткізді.

Осы кездесуде Экологиялық кодекске қатысты мәселелер қаралды. Атап айтқанда, онда тазарту құрылыстарында судың өту көрсеткіштерін көрсететін міндетті түрде жабдықтар болуы тиіс деген тармақ қабылданған. Бұл жабдықтың бағасы өте қымбат тұруы және бұл көрсеткіш маңызды болмауына байланысты қажеттілігі жоқ екені анықталды. Осыған орай  зиянды заттардың болуын бақылайтын жабдықты ауыстыру туралы ұсынысты Кодекстен алып тастау туралы ұсыныс түсті. Сонымен қатар, әлеуметтік кодекстің кейбір ережелері қоса талқыланды.