Бейсенбаев
Ержан
Алмабекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Парламент Мәжілісінің депутаты Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы Солтүстік Қазақстан «Ақ жол» ҚДП облыстық мәслихатының депутаты Билялова Шинар Сағындықовна және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді

Парламент Мәжілісінің депутаты Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Солтүстік Қазақстан «Ақ жол» ҚДП облыстық мәслихатының депутаты Билялова Шинар Сағындықовна және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесуде келесі мәселелер талқыланды:

- аудандық кредиттік серіктестіктерді біріктіру жолымен Агробанк құру, бұл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының кредиттер алуы үшін талаптарды қатаңдатуға және олар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді Екінші деңгейдегі банктер деңгейіне дейін ұлғайтуға әкелетіні;

- Орман кодексінің талаптары барлық жерде сақталмайтындығы анықталып, өңірде тұрғындардың өз бетінше ағаш кесу фактілері көбейді, елді мекендерде орналасқан ауылшаруашылық кәсіпорындары ормандардың айналасындағы санитарлық аймақтарды сақтамай, ағаштарға жақын жерлерді жырту және оған егін егу жұмыстарын жүргізеді және оларға арзан химиялық заттарды қолдана отырып, жердің құнарлығын жою фактілері талқыланды;

- Солтүстік Қазақстан облысында негізгі азық-түлік өнімдердің бағасы басқа өңірлерге қарағанда едәуір жоғары екені анықталды.