Бейсенбаев
Ержан
Алмабекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Парламент Мәжілісінің депутаты Ержан Алмабекұлы Бейсенбаев № 17 орта мектеп-ұлттық жаңғыру кешеніне барды

5 шілдеде Парламент Мәжілісі депутаты Ержан Алмабекұлы Бейсенбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында "Ақ жол" ҚДП Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Дмитрий Дмитриевич Подковровпен және "Ақ жол" партиясынан Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Кинцель Евгений Юрьевичпен бірге № 17 орта мектеп-ұлттық жаңғыру кешеніне барды. Ержан Алмабекұлы мектеп директоры, Петропавл қалалық "Ақ жол" ҚДП мәслихатының депутаты Жалмұқанова Лаззат Жұмағұлқызымен кездесті. Кездесу барысында оқушыларды ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Мектеп директоры оқушылар санын көбейту үшін бюджеттік қаржыландыруды ұлғайту туралы мәселелерді көтерді.