11 шілдеде Парламент Мәжілісінің депутаты Е. А. Бейсембаев жұмыс сапарымен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай кентіндегі ірі қағаз фабрикасына барды. "Kazakhstan Recycling" ЖШС зауытының басшылығы оны зауыттың жұмысымен таныстырып, проблемалық мәселелерді айтты. Бұл кәсіпорын 2001 жылы салынған, қазіргі уақытта зауыт 900 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Зауыт шамамен 16 гектар жерде орналасқан. Қарасай ауданының ірі корпоративтік кешендерінің біріне жатады.