2024 жылдың 3 қаңтары күні ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы іс-сапармен Қызылорда қаласына келді.
Сапардың бірінші күні «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Қызылорда облыстық филиалының жұмысымен танысудан басталды.
Онда, ХҚКО-ның қазіргі таңдағы халыққа көрсетілетін қызмет түрлерімен және қызмет көрсету бөлімдерінің жұмыстарымен танысты.