Бейсенбаев
Ержан
Алмабекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Ас-кА» ЖШС қызметкерлерімен және «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлерімен кездесулер

 

2024 жылдың 04 қаңтары күні  ҚР Парламет Мәжілісінің депутаты Бейсенбаев Ержан Аламбекұлының Қызылорда  облысындағы іс-сапары Қызылорда қаласындағы жеңіл өнеркәсіп саласында арнайы киім тігумен айналысатын «Ас-кА» ЖШС жұмысымен танысудан басталды.

Е. Бейсенбаев мекеменің тігіп жатқан бұйымдарымен танысумен қатар,  туындап жатқан мәселелермен, яғни кәсіп нысанын кеңейту бойынша жер алу мәселесінің қиындығы, айналым қаражатын қалыптастыру үшін несиенің қолжетімсіздігі, несие пайызының жоғары екендігі секілді мәселелермен танысты.

Әрі қарай Е. Бейсенбаев «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалының белсенділерімен кездесті. Кездесу барысында партия қатарына өткен жаңа мүшелерге партиялық билет табысталды.

Сонымен қатар, белсенділер тарапынан түрлі саладағы мәселелер көтерілді.Image title