2024 жылғы 09 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Алмабекұлы Бейсенбаев Шымкент қаласында орналасқан «Самал» базарында кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесуге «Ақ жол» партиясынан сайланған қалалық мәслихат депутаттары Исламбек Төлебаев пен Ноян Төлегенов, Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Мақсат Рахымбаев қатысты.
Ержан Алмабекұлы бутиктерге барып, кәсіпкерлермен мобильді аударымдар, QR төлемдерін қабылдау, декларацияларды тапсыру мәселелерімен танысты.
Кәсіпкерлер депутат Е.А. Бейсенбаевқа атқарылған түсіндіру жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.