Қаржы және бюджет комитетінің депутаты Е. А. Бейсенбаевтың
заң шығармашылық қызметі туралы
АҚПАРАТ
VII шақырылым II сессия
2023 жылғы қыркүйек айынан Е.А. Бейсенбаев келесі заң жобаларының жұмыс топтарының мүшесі болып табылады:
1) «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы»;
2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
5) «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы».