Бейсенғалиев
Берік
Тұрсынбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Дөңгелек үстел туралы

Мәди Такиевтің төрағалығымен Парламент Мәжілісінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің 2022 жылғы қызметінің қорытындысы туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұлттық басқарушы холдинг қызметінің қорытындылары туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, сондай-ақ еншілес ұйымдардың басқарма төрағалары баяндама жасады.

Қызмет қорытындыларын талқылау барысында, оның ішінде Қазақстан Даму банкінің бөлінген қаражатты игеруі, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мәселелері қозғалды.

Ал «Аграрлық несие корпорациясы» Арқалық қаласында өкілдік ашу мәселесіне тоқталды. Қазір Қостанай облысы Арқалық қаласының, Амангелді және Жангелдин аудандарының шаруа қожалықтарына корпорациядан кредит рәсімдеу үшін облыс орталығына бару үлкен қиындық туғызып отыр. Кей кезде несие рәсімдеу үшін шаруалар 500-800 шақырым жердегі облыс орталығы Қостанайға бірнеше рет барып келуге тура келеді.

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ төрағасының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қостанай филиалының бір маманын Арқалық қаласына жіберу мәселесі қарастырылып, кандидатты іздеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Өз кезегінде, корпорация Арқалық қаласының әкімдігінен Қостанай облысы филиалының қызметкерін жоғары жылдамдықты интернет желісі бар жұмыс орнымен қамтамасыз етуді сұрайды. 

Жалпы, дөңгелек үстел сұрақ-жауап форматында өтті.