Өткен жылдың аяғында Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңіраралық байланыстарды күшейту үшін Арқалық қаласында әуежай салу қажеттілігі туралы Үкіметке депутаттық сауал жолдаған болатынмын. Аумақтың өз әуежайының болуы - шағын және орта бизнестің жаңа субъектілерін ашудың, кәсіпорындар жұмысына инвестициялар тартудың негізгі алғышарттарының бірі.
Бүгін келген Премьер-Министр Ә.Смайыловтың жауабына сәйкес әуежайдың жұмысын қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен ұшу-қону жолағын, жермен жүру жолын, перронды, аэровокзалды және әуежай инфрақұрылымын тексеру үшін 9,5 млн теңге қаражат бөлінген.