Бейсенғалиев
Берік
Тұрсынбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы

Бүгін Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында су тасқынының салдарын жою, бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру және зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жөніндегі Үкіметтің қабылдап жатқан шаралары туралы мәселе екінші рет қаралды. Бірқатар өңірлерде тасқынға байланысты төтенше жағдай орын алғанына екі ай болыпты. Содан бері Президенттің тапсырмасына сәйкес барлығы орнына келтіріліп, зардап шеккендерге мемлекет, қоғам мен бизнес тарапынан материалдық және моральдық қолдау көрсетілуде. Бірақ осы мәселе бойынша жауапты қаржы, төтенше жағдайлар, су ресурстары мен иррегация, өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты уәкілетті мемлекеттік органдарға әлі сұрақтар бар.  Мәселе толықтай шешімін таппайынша, біздің Комитеттің күн тәртібінен түспейтін болады.