Бейсенғалиев
Берік
Тұрсынбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Көшпелі отырыс

Осы жылдың 15-16 маусымында Қостанай облысы Амангелді ауданында және Арқалық қаласында Мәжіліс депутаттарының өңірдің инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша көшпелі отырысы өтті. Жиынға Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері де қатысты.

Екі күн ішінде көптеген объектілер мен елді мекендерді араладық. Депутаттардың бастамасымен шалғайдағы елді мекендер байланыспен және интернетпен қамтамасыз етіле бастаған еді, осы пилоттық жобаға мониторинг жүргізу үшін жұмысымызды Амангелді ауданының Қарынсалды ауылынан бастадық. Бұл ауыл облыстың оңтүстік өңіріндегі 39 ауылдық елді мекеннің бірі және әлі мобильді интернетпен қамтылмаған.

Қазір Қарынсалды ауылында, сондай-ақ Жангелдин ауданының Милісай, Бидайық, Түйемойнақ елді-мекендерінде спутниктік орбиталық жүйелері есебінен кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ауылда WI-FI арқылы интернет бар, бірақ мектепте, дәрігерлік амбулаторияда және ауылдық әкімдікте оның жылдамдығы әлсіз. Уәкілетті органдар байланыс операторларымен бірлесіп мұны жақын арада шешуге уәде берді. Бұл мәселе депутаттардың бақылауында болады.