2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауымен сөз сөйлеген
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2024 жылдан бастап «Балаларға - ұлттық қор» жобасын іске қосу бойынша тәсілдер әзірленді.
Ұлттық қор қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу мақсатында пайдаланылу ұсынылады.
Қаражатты шетелдiк оқу орнында білім алуға пайдалануды шектемеу жоспарланып отыр.
Өз кезегінде, тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе тұрғын үй сатып алу үшін қаражатты пайдалануға тек Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі.
Анықтама үшін: Бұл қаражатқа сатып алынған тұрғын үйді қайта сатуға шектеу көзделмейді.
Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылған немесе ауысқан кезде төлемдерге талап қою құқығы жойылады.
Әзірленген тетікке және болжамды есептерге сәйкес мыналар жоспарлануда.
Ресми деректер бойынша 2022 жылдың басына 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны шамамен 6,5 млн. адамды құрайды.
Болжалды бағалаулар бойынша мұндай тәсіл осы бағдарламаға қатысатын балаға туғаннан бастап жыл сайын 18 төлем есептеуге мүмкіндік береді, бала жинақтайтын болжамды сома шамамен 3500$ құрауы мүмкін.
ҚР азаматтары 18 жасқа толғанға дейін
Сондай-ақ алушылар осы Нысаналы жинақтарды алушылардың заңды өкілдері не мұрагерлері бола алады.
Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінетін болады. Жекелеген уақыт аралығында инвестициялық кірістің ықтимал теріс мәндерін құбылмалау мақсатында инвестициялық кіріс ставкасын өткен кезеңдер үшін (қаражат АҚШ долларымен жинақталады) алдыңғы 18 жылдағы орташа жылдық мән негізінде айқындау жоспарлануда.
Жалпы, ұсынылған алгоритм бойынша Жобаны іске қосу үшін
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамашыл тобы мемлекеттік органдармен бірлесіп ҚР заңнамасына (6 Кодекс пен 10 Заңға толықтырулар) түзетулер әзірленді.
Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу 50-ден астам түзетулер 41 бапта көзделген.
Түзетулер мынадай сұрақтарды қамтиды:
- жоба шеңберінде Ұлттық қор қаражатын балаларға төлеуге пайдалану тетігін енгізу,
- тыйым салуды болдырмау,
- өндіріп алу және басқа да ықтимал шектеулер,
- мемлекеттік органдардың құзыреті,
- қаражатты мақсатты пайдалану,
- баланың жасына байланысты қаражатқа қол жетімділігі және т.б.
18 жасқа толғанда шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Шоттағы қаражат 10 жыл ішінде талап етілмеген жағдайда, сол адамның зейнетақы шотына аудару ұсынылады.
Жобаның негізгі сәттері мен тәсілдері
Ең маңызды ұғымдар болып табылатындар:
Нысаналы талаптар – жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жыл алдындағы 18 жыл ішіндегі орташаланған инвестициялық табысының елу пайызы және осы сомаға жыл сайын есептелетін 18 жыл ішіндегі орташаланған инвестициялық табысының есебінен қалыптастырылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасы азаматтары алдындағы міндеттемелері.
Нысаналы активтер - нысаналы жинақтарды, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мақсаттарды төлеуді қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша.
Нысаналы жинақтар - нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында ескерілетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жыл алдындағы 18 жыл ішіндегі орташаланған инвестициялық табысының елу пайызы есебінен жинақталған және есепті жыл алдындағы 18 жыл ішінде осы сомаға есептелетін есебінен жинақталған ақша.
Уәкілетті операторлар - тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақтау төлемдерін есептеу үшін банктік шоттар ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер.
Салық салынатын базадан төлемдерді алып тастау бойынша қажетті нормаларды Салық кодексінде жеке көздеу жоспарлануда.
Анықтама: заңға тәуелді актіні әзірлеу (ҚРҮҚ жобасы) мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен әзірленіп, келісімдеу сатысында және заң жобасы қабылданғаннан кейін бекітілетін болады.
Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша көп жылдық тәжірибені ескере отырып, жобаның Операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамын айқындауды жоспарлап отыр.
БЖЗҚ-ға келесі функциялар беріледі:
ақпараттық жүйеде қатысушылардың нысаналы талаптарын есепке алу;
мақсатты жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтау шоттарын ашу;
нысаналы жинақтау шоттарына мақсатты жинақтарды тіркеу және есепке алу;
нысаналы жинақтарды төлеу;
сондай-ақ:
дербес деректер субъектілерінің келісімінсіз мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде жеке тұлғалардың дербес деректерін жинау және өңдеу;
БЖЗҚ интернет-ресурсы және электрондық үкімет веб-порталының жеке кабинеті арқылы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың сомасы туралы мәліметтерді ұсыну.