Бүгін Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Бұған дейін Заң жобасы бойынша жұмыс тобына 70-тен астам ұсыныстар келіп түсті. Барлық ұсыныстар мүдделі министрліктер мен ведомстволар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының бес отырысында талқыланған. Парламент Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобалары бойынша оң қорытындыларын берді.
Комиитет мүшелері Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жалпы отырысының қарауына енгізуді қолдады.