Бейсенғалиев
Берік
Тұрсынбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда заңның жобасын қарау туралы

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл Заң жобасын әзірлеуге бір топ  Парламент депутаттары  бастамашылық жасады.

Заң жобасы Парламент Мәжілісіне 2023 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген.

Заң жобасының негізгі мақсаттары, міндеттері және тұжырымдамалық тұстары – қарыз алушылардың кредиттер бойынша қарыздарының өсуіне жол бермеу, мерзімі өткен берешекті сотқа дейінгі реттеу шеңберінде, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, азаматтардың кредиттер бойынша банкроттық рәсіміне қол жеткізуін жеңілдету, кредиттер бойынша алаяқтықты азайту, банктердің стресстік активтерін экономикалық айналымға тарту және синдикатталған қаржыландыруды дамыту. 

Заңның жобасы туралы негізгі баяндамашы әріптесіміз Үнзила Шапаққызы өз баяндамасында егжей-тегжейлі айтып берді. Мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен Заң жобасы бойынша жұмыс тобының 13 отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді. Жоба бойынша жұмыс екінші оқылымға дейін аяқталады.

Парламент Мәжілісінің барлық Комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.