Бейсенғалиев
Берік
Тұрсынбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2-ші оқылымда заңның жоасын қарау

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысының  екінші оқылымда біз - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары әзірлеген маңызды заң жобасы мақұлданды. Бұл «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. Жаңа заң жобасы азаматтар  үшін қаржылық қызметтер саласында неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Заңның жобасы Парламент Мәжілісіне 2023 жылдың 20 желтоқсанында енгізілген және 6 наурызда бірінші оқылымда қабылданған. 

Бірінші оқылымнан кейін заңның жобасымен жұмыс жүргізу барысында қосымша мынадай нормалар енгізілді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банктің бірлескен нормативтік құқықтық актісімен кредиттер мен микрокредиттер бойынша СЭС-тің шекті мөлшері айқындалды.

Коллекторлық агенттіктерге банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша азаматтардың қарыздарын сатуға 2026 жылға дейін мораторий енгізілді. Мораторий аяқталғаннан кейін азаматтардың қарыздарын сатудың нақты шарттары қарастырылған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банктің бірлескен нормативтік құқықтық актісімен бекітілген Кредиттер мен микрокредиттер бойынша ГЭСҚ шекті мөлшерімен реттелетін PDL-микрокредиттерді реттеудің ерекше режимі алынып тасталды.

Банк омбудсманына тек банктік қарыздар бойынша дауларды қарау өкілеттігі бекітілді, сондай-ақ микрокредиттер бойынша дауларды қарау құзыретімен микроқаржы омбудсман институты енгізілді.

Сонымен қатар, келесі қосымша нормалар қолдау тапты:

Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер тұратын отбасыларды қорғау, соның ішінде мұндай отбасыларды жылыту маусымында шығаруға тыйым салу.

Егер қатысушылардың 2/3-тен астамы резидентрезстер болса, синдикатталған қарыз шарты үшін халықаралық стандартты (LMA) пайдалану мүмкіндігі.

Банктерге уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен келісімді алу тәртібін және қарыздың ең төменгі мөлшерін айқындай отырып, жұбайының немесе зайыбының келісімінсіз жеке тұлғаға банктік қарыздар беруге тыйым салу.

Әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне қарыз бойынша төлемдерді кейінге қалдыру процесін автоматтандыру.

Азаматтарға қаржылық жүктемені азайту үшін істердің жекелеген санаттары бойынша атқарушылық іс жүргізудің оңайлатылған тәртібін енгізу.

Сонымен қатар, заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында Үкімет депутаттардың түзетулерін қолдады. Оның ішінде банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті көлемін айқындау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғаның банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша құқықтарды коллекторлық агенттікке (талаптарға) беруге 2026 жылға дейін мораторий енгізу, банк омбудсманына тек банктік несиелер бойынша дауларды қарау жөніндегі өкілеттіктерді бекіту және микроқаржы омбудсманы институтын енгізу.

Жалпы, заңның жобасы халықтың шамадан тыс кредит алуына байланысты жағдайды түбегейлі өзгертуге және қаржы жүйесі үшін тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған.