Бейсенғалиев
Берік
Тұрсынбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заңның жобасын қарау туралы

Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жекелеген баптарына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулар қаралып, келісім берілді.

Енгізілген түзетулер тұтастай алғанда қаржы нарығын реттеуді жетілдіруге бағытталған және атап айтқанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметін республикалық бюджет шығыстарының құрамынан қаржыландыруды алып тастап, Ұлттық Банк бюджетінен қаржыландыруға көшуді, әскери қызметшілерге мерзімді қызмет өткерген соң жұмысқа орналасқанға дейін 60 күнге банктік қарыз немесе микрокредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға қосымша мүмкіндік беруді, синдикатталған қаржыландыруға қатысуға құқығы бар тұлғалардың тізбесіне Қазақстанның бейрезидент-банктерінің филиалдарын, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушы банктерін енгізуді, қаржы ұйымының басшы лауазымына кандидатты келісу кезінде Ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму Банкінің басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілін ескеруді және т.б  мәселелерді қарастырады.