Парламент Мәжілісінің төрағасы Е.Қошанов бастаған депутаттар делегациясының құрамында Мәскеуде Федералдық Жиналыс Мемлекеттік Думасының төрағасы В.Володинмен және Федералдық Жиналыс Федерация кеңесінің төрағасы В. Матвиенкомен кездесулерге қатыстым.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында сенімді саяси диалог жолға қойылған. Тығыз экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс орнап, берік шарттық-құқықтық база қалыптасқан. Кездесулерде екіжақты ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде Мәжілістің Мемлекеттік Думамен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, заң шығару мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, әлемдегі ең ұзақ Қазақстан мен Ресей арасындағы ең ұзақ шекараны ескере отыра, өңіраралық және экономикалық байланыстың келешегі, мәдениет пен білім беру саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы және т.б мәселелер талқыланды.
Мәжіліс делегациясының ресми сапары одан әрі Қазан қаласында Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Республика Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесулермен жалғасады.