Бүгін Арқалықта әуежай салу қажеттілігі туралы депутаттық сауал жолдадым.
Кез-келген аумақ дамуының алғышарттарының бірі - шағын және орта бизнестің жаңа субъектілерін ашуға, кәсіпорындардың жұмысына инвестициялар тартуға оң әсерін ететін көліктік қолжетімділіктің болуы.
Торғай жерінде көптен бері әуе қатынасының үзіліп қалуы, өңірдің толыққанды әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергісін келтіріп отыр.
Алдағы уақытта Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылатын болады. Ол дегеніміз, өңірге Қазақстан мен шетелдің түкпір-түкпірінен инвесторлар тартылады.
Осыған орай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңіраралық байланыстарды күшейту үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасарынан көлік министрлігіне Арқалық қаласында әуежайды қайта салу мәселесін пысықтауды, кейіннен осы бағытта әуе қатынасы ашылуын тапсыруды сұраймын.
Депутаттық сауалдың толық мәтіні төменде келтірілген.