2023 жылғы 11 сәуірде Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбекпен кездесті.
Отырысқа ғылым және жоғары білім вице-министрлері Т.И. Ешенқұлов, Қ.А. Ерғалиев, Қ.А. Ақатов қатысты.
Кездесу барысында қазақстандық ғылымды дамыту, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ғалымдарды әлеуметтік қолдау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын лицензиялау мәселелері талқыланды.