Берденов
Руслан
Арысбекұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚҚС бойынша шекті арттыру және осы шекті асырғаны үшін айыппұлдың күшін жою туралы

Құрметті Әлихан Асханұлы!Қазақстанда жыл сайын, әсіресе шағын кәсіпорындар арасында тіркелгензаңды тұлғалар санының өсімі байқалады. Жаңа технологияларды енгізу - өнімөндіру, жұмыс және қызмет көрсету көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ сапа менбәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді.Қазақстан ұлттық статистика бюросының ресми деректері бойыншатіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 097 519 бірліктіқұрады, оның ішінде 1 904 656 жұмысын жүргізуде. Бұл кәсіпорындарда 4 млнаса адамды жұмыспен қамтамасыз етілген. 2021 жылдың қорытындысыбойынша жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 33,5% -құрады. Көрсеткішке негізгі үлес шағын кәсіпкерлік субъектілері есебіненқамтамасыз етілді, олардыңдегі үлесі 26,8% - құрады. 2015 жылдан 2020 жылғадейін жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 24,9% - дан32,8% - ға дейін өсті.2022 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20% - ға өсті, алайдажұмыссыздық деңгейі төмендеген жоқ және 4,9% деңгейінде қалды. БұлҚазақстанда бизнестің іс жүзінде өспейтінін айқын көрсетеді.2019 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шағын бизнесті2020 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылға табыс салығынан босатуды тапсырды.Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, бұл микро және шағын бизнесті табыссалығын төлеуден босатты. Бірақ, бұл жылдар коронавирустық пандемияға жәнесоған байланысты бизнестің үлкен шектеулеріне түсті.22.06.2023 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы)Коронавирус аяқталып, бизнес қалпына келе бастағаннан кейін бизнестіжеңілдетілген түрде жүргізу үшін кезекті тосқауыл 2022 жылдан бастап Салықкодексіне түзетулер енгізілді, оған сәйкес ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюүшін айналым 30 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін төмендеді (ҚҚС қоюғадейінгі айналым нормасы 2000 жылдан бастап және 2022 жылға дейін 30 000АЕК құрады).ҚҚС бойынша шекті төмендету Қазақстандағы инфляцияныңөсуіне теріс әсер етеді.Осы орайда әлем елдері бойынша ҚҚС ставкаларын талдап қарасақ келесіқорытындылар жасауға мүмкіндік береді:Мысалы; АҚШ пен Жапония ерекше жағдайларды ұсынады, өйткені оларҚҚС-тың жалпы базалық мөлшерлемесін қолданбайды. АҚШта 1,5% - дан 5%- ға дейін төмендететін сату салығын пайдаланады. Жапонияда ҚҚС орнына 10%деңгейінде белгіленген сату салығы қолданылады. Швейцарияда 8%,Тайланда,Сингапурда 7%, Малайзия,ОАЭ,Канадад 5%, Гонконг, Катарелдерінде мүлде 0% құрайды. Әрине әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар екенінатап өткен жөн. Бірақ Қазақстан салық жүйесін әлемдегі ҚҚС базалықставкасымен салыстырсақ ставкалар салыстырмалы түрде жоғары дегенқорытынды жасауға болады.Қазіргі жағыдайда Қазақстан кәсіпкерлері нақты айналымдарды көрсететінжәне фискалдық чектерді шығаратын адал кәсіпкерлер ҚҚС шегінен өздерібайқамай асып түсті. Енді олар үлкен айыппұлдар төлеуге мәжбүр, бұл сомабойынша ҚҚС салығының өзінен көп. Атап айтқанда, ҚҚС бойынша есепкеқойылмаған кезеңдегі айналым сомасының 15% - ы және тағы 50 АЕК (172 500теңге) айыппұл төлейді. Бұл бизнестің құлдырауына және Қазақстан халқыныңбизнес бастамасының төмендеуіне әкеледі.Мен салық жүктемесін азайту және процедураларды жеңілдетумақсатында шағын бизнес үшін ҚҚС шегін көтеруді қарастыруды ұсынамын.ҚҚС бойынша шекті арттыру кәсіпорындарға ағымдағы шекті деңгейге жеткендебірден ҚҚС төлеуші болмай, дамуы мен өсуіне мүмкіндік береді.Сонымен қатар, мен ҚҚС шегінен асып кеткені үшін айыппұлдарды алыптастауды қарастыруды ұсынамын. Жазаның орнына мемлекет шағын бизнескеқолдау мен кеңес беру арқылы жаңа салық міндеттемелеріне бейімделу жәнекөшу мерзімін бере алады.ҚҚС бойынша шекті арттыру және айыппұлдардыңкүшін жою Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін неғұрлым қолайлыжағдайлар жасауға көмектеседі. Бұл экономиканың өсуіне, жұмыспен қамтудыңұлғаюына және азаматтардың әл-ауқатының артуына ықпал ететін болады.