Құрметті достар!
Мәжіліс қабырғасында «Лазарев и К» ЖШС директоры Лазарев Петр Петровичпен және «Раушан» шаруа қожағалының директоры Оразаев Талғат Айтқазиевичпен кездесу өткіздім. Өңірде шешілмеген жер даулары және біраз жылдан бері қордаланған мәселелерді шешу жолын талқыладық.
Аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Баритұлымен кездесуді ұйымдастырып, өтінішін алып қалдым.
«Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығының өкілдерімен, халықпен кездесулерін жалғыстыра береді.
Қысқаша мәлімет ретінде, «Лазарев и К» - ауыл шаруашылығында 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан, Бородулиха ауданы Абай облысында көп жұмыс орындарын беріп отырған, жауапты салық төлеуші, ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бірі болып табылады.