Қайырлы кеш, қымбатты достар!
Бүгін қабылдауымда ауыл жанашары, ауыл десе бір бүйрегі бұрып тұратын Хабай Бердбек деген азаматты қабылдадым.
Бердбектің көтеріп отырған мәселесі өте өзекті. Ол агроөнеркәсіп кешенінің ауқымды жобалары туралы, мемлекеттік бағдарламалардың игілігі мен жеңілдігі жөнінде қазақ тілінде сол ауыл еңбеккерлеріне айтуға, халыққа ақпаратты танымдылық бағытта жеткізкісі келетіні туралы сөз қозғады.
Әрине ауылшаруашылығы жайында қазақ тілінде қарапайым жұрт үшін мазмұны бай, мағлұматқа толы ақпараттық-танымдық платформа бізге көптік болмайды деп санаймын. Екеуміз пікір алмасып, ойымыз бір жерден шықты.
Алдағы уақытта ауылдың әлеуетін арттыруға септігі тиетін, ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік ақпараттық-танымдық портал ашу мәселесі бойынша сұрақты уәкілетті органдарға жолдап, бақылауға алатын боламыз.
#ауылпартиясы