Қымбатты достар!
Кеше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясын ашты. Сондай-ақ, Мәжілістің алғашқы жалпы отырысын ант қабылдауымен бастадық.
Сонымен қатар, Мәжіліс спикерін, Палатаның қос вице-спикерін, Комитет төрағаларын сайладық.
Мәжіліс Регламентіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса қабылдадық.
Өзгерістерге тоқталсақ. Мәжіліске кірген партиялардың өкілеттіктерін кеңейтуге қатысты. Атап айтқанда, Фракция құру үшін қажетті депутаттар санының ең аз шегін алып тастау ұсынылды.
Осылайша, Мәжілістегі алты партия да өз фракцияларын құруға мүмкіндік алды: «АМАNАТ», «Республика», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясы», «Ауыл» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
Бұдан бөлек, комитеттер құрамын бекіттік. Мен Аграрлық мәселелер комитетінің құрамына кірдім.
«Ауыл» партиясы ауыл проблемаларын, аграрлық саладғы мәселелерді жітік біледі және оларды шешу бойынша нақты көзқарасы бар.
Ал, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы болып өтті. Түстен кейін заң жобаларын депутаттар арасында бөлуге қатысты Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті.
Алда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт. Бөлісіп емес, бірігетін кезең. Ауылды бірге төрге шығарайық!