Құрметті достар!
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы болды. Отырыс бекітілген күн тәртібіне сәйкес өтті.
Бірінші. Депутаттарға басқа комитеттерден келіп түскен заң жобалары бөлінді.
Екінші. басқа комитеттерден келіп түскен заң жобаларын талқылау және қорытындыларды бекітілді. Сондай-ақ, «Жылу энергетикасы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша депутат Казанцев Павел Олегович баяндама жасап, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Үшінші. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің бірінші сессияға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Сонымен қатар, ауылшаруашылығына қатысты қант қызылшасын өндіру, жеміс-көкөніс өнімдерін импортты алмастыру, оны өңдеу және сақтау мен қаржыландыру бойынша сұрақтары талқыланды.
#ауылпартиясы