Бүгін Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің кандидатурасы келісілді. Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.