Дайрабаев
Жигули
Молдақалықұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аграрлық мәселелер Комитетінің отырысы

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің кезекті отырысы өтті.

Жиында өткен аптада атқарылған жұмыстар бойынша Комитет Төрағасы С.Р. Егізбаев шолу жасады. ҚР Парламенті Мәжілісінің басқада комитетерінен келіп түскен заң жобаларын қарастыру үшін Агрокомитет мүшелеріне таратылып берілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасының жұмыс тобына депутаттар Қ.Қ. Әлішев пен И.Е. Сұңқар кірді.

Агрокомитетте болатын іс-шараларға қатысты мәселелер талқыланды. Алдағы уақытта Мәжіліс қабырғасында «Қант қызылшасы өндірісін ұлғайту мәселелерін қоса алғанда, жеміс-көкөніс өнімдерінің импортын алмастыру, оларды өңдеу және сақтау мәселелері» тақырыбында Үкімет сағатын өткізу жоспарлануда.