Дайрабаев
Жигули
Молдақалықұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Мәжіліс қабырғасында жаңа Су кодексінің жобасын кезекті жұмыс тобында талқыладық. Өздеріңізге мәлім, былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жаңа Су кодексін дайындауды тапсырған болатын. Қолданыстағы Су кодексі осыдан 20 жыл бұрын, яғни 2003 жылы қабылданған еді. Жиырма жылда бұл кодекске бірнеше рет өзгертулер енгізіліпті, бірақ, су қауіпсіздігі мен оны үнемдеу мәселесі тасада қалып қойған. Осыған орай, суды қорғау, үнемдеу, тиімді пайдалану әдістерімен су қоймаларын қауіпсіздігін арттыратын жалпыұлттық саясат қажет екені анық. Жаңа кодекстін аясында осы бағыттағы нормалар депутаттармен сараланып,талқылану үстінде. Жұмыстарымыз кестеге сәйкес жүргізілуде. Қосымша ақпараттарды назарларыңызға уақытылы ұсынуға тырысамын.